Ұлыбританияда мейрамханаға келуші кешкі асқа байқамай £1 млн төледі

Үш табаққа салынған кешкі асқа ақы төлеу уақытында банк карточкасымен есеп айырысқан келуші қателесіп £1 млн төлеп қойды. Ол £100 төлеу қажет болған, деп жазады informing.ru.

Пин-код енгізу әрекеті бірінші жолы сәтсіз болды - төлем өтпеді. Содан кейін карта иесі растау кодын алу үшін банкке хабарласты.

Төлеп болған соң чек £1,00608204 млн. көрсеткен. Соңында карта иесінің төлемді қайтарып алу үшін тағы да банкке телефон соғуына тура келді.


Бұл жағдай мейрамхана иесінің отыз жылғы бизнесінің ең табысты кешкі асы болар еді.