Ұлыбританияда қамауға алынған спортшысының анасы бүгін Лондонға аттанып кетті


Жазира Тілешева, А.Теңізбаевтың анасы:

- Ұлым сенбі күні әкесіне қоңырау шалды. Тез сөйлескен. «Халым жақсы, уайымдамаңыз, мен кінәлі емеспін» деген.  Ана болған соң баламның кінәлі емес екеніне сенемін. Ақталып шығарына үміттенемін.   

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасымен Мексикаға әлем чемпионатына аттанған 18 жастағы Азамат Теңізбаев Ұлыбритания әуежайында 22-ші шілдеде тұтқындалған болатын. Оған ұшақта қасында отырған ағылшын қызына «жыныстық емеурін көрсетті» деген айып тағылған. Бірақ спортшының айтуынша, ұйықтап кетіп, бойжеткенге абайсызда қолы тиіп кеткен. Десе де енді осының барлығын жас спортшының 23-ші тамызда сот алдында дәлелдеуіне тура келмек. Ол үшін жеке адвокат жалданып отыр. Жазирамен бірге сондай-ақ Лондонға Азаматтың жеке бапкері мен федерация менеджері аттанды.