Бұл туралы Замбия астанасындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып батыс БАҚ хабарлады.
Соңғы кезде ол Лондонда емделіп жатқан болатын. Бірақ, президенттің қандай аурудан ем қабылдағаны құпия ұсталып келді.
2014 жылдың қыркүйегінде БҰҰ БА сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жеткен М.Сатаның жағдайы нашарлап, қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылған болатын.
Бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ болатын.
Замбия билігі ел президенті Майкл Сатаның қайтыс болғаны туралы бүгін ақпарат құралдарында пайда болған мәліметті растады.
«Біздің сүйікті президентіміздің қазасы туралы хабарлаймын. Баршаңызды осы қиын кезеңде сабырлыққа шақырамын», - деп Замбия үкіметінің хатшысы Роланд Мсиска ұлттық телеарнадан мәлімдеді.
М.Сата ем алып жүрген Лондон ауруханаларының бірінде көз жұмды. Оның немен ауырғаны мәлімделмеді.
2014 жылы қыркүйек айында М.Сата БҰҰ БА сессиясына қатысы үшін Нью-Йоркке келгенде өзін нашар сезініп сол жерде клиникаға түскен болатыр. Маусым айында Израиль клиникаларының бірінде бір ай ем алды.