Ұлыбританияда жасанды жолмен ұрықтандырудың жаңа тәсілі шықты


Үш сағат талқыланған заң жобасын Ұлыбритания парламенті жоғары палатасының 232 мүшесі қолдап шыққан.

Енді рұқсат етілген әдіске сәйкес, анасы, әкесі және донор болған әйелдің ДНК-сын біріктіріп, қолдан ұрықтандырады. Балада үш адамның гені болады. Ғалымдардың айтуынша, бұл тұқым қуалайтын аурулардан құтылуға жәрдемдеседі.