Ұлыбританияда жүрегі денесінің сыртында орналасқан қыз дүниеге келді

Булуэлл қаласының емханасында кішкентай сәби көп кездесе бермейтін жүрек эктопиясымен туылған. Нәрестені құтқару үшін 50 дәрігердің қатысуымен 3 рет ота жасалыпты. 

Мұндай ерекшелікпен туылып аман қалған адам елде бұрын соңды кездеспеді деп жазады The Guardian басылымы.

Сәбидің ата-анасы оны дегенінен қайтпайтын жігерлі болсын деген үмітпен «Ральф» мультфиліміндегі басты кейіпкердің атымен атапты. 

Ақ халаттылардың айтуынша, баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда, алдағы уақытта оған дәрігерлердің күтімі керек.