Ұлыбританияның парламенттік өкілдері Батыс Қазақстан облысында жүр

Өкілдерді қауымдар палатасының депутаты Джон Манн басқарады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесуде парламентаралық және аймақаралық байланыстарды дамыту мәселесі талқыланып, қоғамдық-саяси өмірде жергілікті өкілетті органдардың атқаратын ролі туралы пікір алмасылды.
Д.Манның айтуынша, Қазақстан мен Ұлыбритания арасында тек парламентаралық қана емес, аймақтық деңгейлерде де қарым-қатынас аясын кеңейту қажет.
Ұлыбританияның парламенттік өкілдері Қарашығанақ кенішінде болып, өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, олар облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен кездесті.
Бүгін, 7-қарашада Ұлыбританиялық парламентшілер Қазақстан-Ұлыбритания парламентаралық тобының Астанада өтетін кезекті отырысына қатысып, мәжіліс және сенат жетекшілерімен, ҚР үкімет басшысымен кездеседі.