Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Ақбота Керімбекова ұлының әскер қатарында екенін айтты.
"Елімнің ертеңі мен үшін де маңызды! Менің де Ұлым азаматтық борышын өтеу үшін әскерге аттанып, елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысуда! Қадірлі жерлестер, менде де, Сіздерде де Отан жалғыз! Сол Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігі - баршамызға ортақ құндылық! Ендеше, кемел келешек үшін күш - жігерімізді аямайық, себебі, #КүшімізБірлікте", деп жазды әнші.
Еске салсақ, елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскерилер мен тәртіп сақшылары зардап шекті. Ал бүлкішілер арасында террористер болғаны мәлім болды. Бір ғана Алматы қаласына 20 мыңдай лаңкес шабуыл жасаған.Олар әкімшілік ғимараттарды қиратып, дүкендерді тоналы, өртеді. Президет Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарға дейін елде төтенше жағдай жариялады.