Ұлын өлтіруге тапсырыс берген анаға қатысты сот үкім шығарды

Естеріңізге салсақ, нашақор баласынан мезі болған ананың әрекеті жайлы алдыңғы хабарларымызда айтқан едік. Есірткіге салынған 35 жастағы ұлынан құтылу үшін кәсіпкер әйел азаматтық некедегі жолдасымен 3 жігітті жалдаған. Қанды қызмет үшін 400 мың теңге де төлепті. Арам ісі әшкере болған өгей әке 10 жылға, ал марқұмды буындырғандар 16 және 19 жылға қамалды. Қылмысты орындағандардың тағы бірі әлі күнге іздеуде. Нашақордың артында 5 жасар ұлы қалған. 


Анна Бодрова, Жәбірленушінің жұбайы:

- Баламды әкесіз қалдырғандар тиісті жазасын алды. Ұлым әлі күнге әкесін іздеп жылайды. Жолдасым зиянды әуестігінен бас тартып, жұмыс істеп, енді көз ашқан едік.