Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіргендігі үшін бір топ адамды ұзақ мерзімге соттады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Сот жігітті өлтіруге тапсырыс берген анасы екендігін анықтады, ол 19 жылға сотталды, жазасын жалпы режим колониясында өтеуге тиіс.
Оның жұбайы,баланың өгей әкесі он жылға сотталды, ол жазасын қатаң режми колониясында өтейді, екі орындаушы 16 және 19 жылға сотталды, мүліктері конифискіленді.
Істің материалдарына қарағанда, арақ ішіп, есірткі тартқандығы үшін анасы ұлын өлтіртпек болған, күйеуінен ақша үшін оны өлтіретін адам тауып беруді сұраған.
Олар жігітті алдап, қаланың сыртына әкетіп, ұрып, тұншықтырып өлтірген.