Ұлын оңдырмай сабаған тараздық келіншектің ақыл-есі тексеріліп жатыр

Қазір баланы ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал анасының ақыл-есінің дұрыстығын тексеру үшін психиатриялық сараптама тағайындалған. Өз баласын оңдырмаған келіншектің әрекетін естіген жұрт жағаларын ұстаған еді. Алайда жеткіншектің өзі анасын қорғаштап әлек. 42 жастағы әйел болса, тіл алмаған баласын тәртіпке салмақ болдым деп ақталуда. Қазір ол тәтті-дәмдісін көтеріп, бейімдеу орталығының алдында жүр. Енді іске соңғы нүктені сот қоюы тиіс. Ал әзірге оған қалаған уақытында ұлымен кездесуге рұқсат етілді. 

Loading...