Ұлықтау рәсімінен бұрын Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.
Сөзін «Құрметті, Елбасы» деп бастаған президент сайлауда өзін қолдаған көпшілікке алғысын айтты.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді.