Ұлыстың ұлы күнінде Алматы облысында 80 отбасы баспаналы болды

Ұлыстың ұлы мейрамы – Наурыз мерекесі қарсаңында текеліліктер осылайша қос қуанышқа кенелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Текелі әкімі Бақтияр Өнербаев қоныс той иелеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. 80 пәтерден тұратын тұрғын үй құрылысы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында жүргізіліп, “Ұлттық қордан” 409 миллион теңге бөлінген. Ал жергілікті бюджеттен тұрғын .й құрылысына 4 миллион теңге қарастырылыпты.

Ұлыстың ұлы күні мүмкіндігі шектеулі жандар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, аз қамтылған отбасылар және көпбалалы жанұялар жаңа баспанаға ие болды.


Жаңа пәтердің кілті табысталғандардың қатарында 85 жастағы зейнеткер Фатима Ізбасарова да бар. Ол пәтер кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрыпты.