Мәйіт "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іс-сапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. "Жомарт" кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.
"17 қарашада "Қазақмыс" корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Бұл факт ҚР ҚК "Кісі өлтіру" 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.