«Ұлытау ұлағаты - ұлт тарихы» атты республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды


Мүшәйраның басты мақсаты - халқымыздың тарихын, тәуелсіздігін жан-жақты жарқырата жырлау арқылы жас ұрпақтың жүрегіне отаншылдық рухты ұялату. Жыр бәйгесінің тақырып аясы мейлінше кең, Керей мен Жәнібектен хан Кенеге, Жиренше шешеннен Ілияс Есенберлинге дейінгі қазақ халқының басынан өткен сан қилы кезеңдер толғай білген талантқа, жырлай білген ақынға ұшан-теңіз әлем.
Жыр додасында бас жүлдеге 1 млн. теңге сыйақы тігіліп отыр. Сондай-ақ бір бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орын және бес ынталандыру сыйлығы қарастырылған. 
Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген поэмалар, толғаулар, топтама өлеңдер маусым айының 15-іне дейін қабылданады. Оның қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау салтанаты өтеді.
Үміткерлер шығармаларын astanakalamger@mail.ru электрондық поштасына жолдай алады, деп хабарлайды adebiportal.kz.