Ұлытауда Ұлттық парк тұрғызылады

Ел аузында «Кіндік жұрт» атанып кеткен мына жазық дала 2 апта бойы экспедиция мүшелерінің басты назарында болмақ. Олар ежелгі заманның көне сырларын ішіне бүккен тау-тасты аралап, шежірелі аймақтың электрондық картасын, тарихи ескерткіштер бойымен бағыттарын жасайды. Өйткен болашақта осы өлкеге туристерді көптеп тартуды жоспарлап отыр. Қазақ халқының бесігіне айналған «Ұлытаудың» ұлылығы – тек атының халық арасында әйгілі болуында ғана емес, руларды біріктірген аса тарихи мәнділігінде. Сондықтан мұнда келген жұрт Алаш хан мен Жошының кесенелерін, Едіге мен Тоқтамыстың қабірлерін көріп, тариқа бір шолу жасар еді дейді экспедиция мүшелері. 


Қанат Байғарин, Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамы басқарма кеңесінің төрағасы:

-Біз бұл жерге Ұлттық парк салуды қолдаймыз. Өйткені, біздер - зерттеушілер кейде сол Ұлытауды кезінде біздің ата-балаларымыз қазіргі ұрпақ зерттесін деп әдейі тиіспей, қалдырып кеткен бе деп те ойлаймыз. Себебі, сол дәуірдегі көп құнды жәдігерлер жақсы сақталған.