Ұлытаудағы қазақтардан генетикалық сынама алынады

Алдымен ғалымдар қасиетті Ұлытау өңіріне барып, негізгі мемлекет құраушы ұлттың шығу тегіне тереңірек үңілмек. Қазір мамандар бұл іске құлшына кірісіп кеткен. Елдің елең еткізген жоба Назарбаев университетімен бірге жүзеге асырылады. Ұлытаудағы қазақтардан генетикалық сынама алынып, шығу тегі зерттеледі.


Сәулет Сәкенов
, Қазақстан ұлттық география қоғамы директорының орынбасары:

-Қазақтардың генетикалық құрамын, қай халыққа ұқсас екенін білгіміз келеді. Бұл өте қызықты жоба. Ол ойдағыдай аяқталса, басқа облыстарды аралаймыз.