«Үміт» тілдер гимназиясының шәкірті Сымбат Самат 125 балл жинады - БҚО


Гимназия директоры Дариға Мұштанованың хабарлағанындай, Сымбат Қуанышқызы Жәнібек ауданының Тау ауылынан, қарапайым отбасыдан, үш баланың кенжесі, гимназияда 7-сыныптан бері оқыған. Негізгі пәні - ағылшын тілі. Ол «Алтын  белгісін» де қорғап шықты. 
Гимназияны биыл 29 оқушы бітірсе, соның 17-сі «Алтын белгіге», 6-сы үздікаттестатқа лайық болды. Орташа балл - 117,8. Шәкірттердің ең төменгі балы да жоғары - 107. Апелляция қорытындысына сәйкес бұл нәтижелер өзгеруі мүмкін. 
Сөйтіп гимназия түлектері биыл да ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтап, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.