Үміткер Назарбаевтың үгіт-насихат шаралары басталды



Ардагерлер Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын айта алғыс-ризашылықтарын білдіріп, ортақ жеңіске сенім артты. Ал соғыс және еңбек ардагері, социалистік еңбек ері Бәйкен Әшімов Н. Назарбаевқа ақ батасын беріп, ақ жол тіледі.
Н.Назарбаевпен кездесуге еліміздің барлық аймақтарынан 40-тай соғыс және еңбек ардагерлері келді.
Түске дейін Н.Назарбаев өзінің сайлауалды штабының жұмысымен танысты. Үміткер штаб мүшелерімен және Қазақстанның халықтық коалициясының мүшелерімен кеңес өткізіп, алдағы сайлау науқаны төңірегінде пікір алмасты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президенттіктен үміткер Н.Назарбаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың құрамына танымал ғалымдар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, өнер және спорт майталмандары мен Қазақстанның халықтық коалициясының жетекшілері енген.
Үміткер Н.Назарбаевтың сенімді тұлғалары қаратында 28 мың қазақстандық бар. Қазіргі таңда республиканың барлық өңірлерінде Н.Назарбаевты қолдау жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық штабтар құрылған.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті