"Үндестік сабақтары" фильмі Швейцарияда кинофестивальде жеңіске жетті

"Биыл Bildrausch-де бірдей екі фильм жеңімпаз болды. Бұл қазақстандық "Үндестік сабақтары" және голландиялық –немістік "Жан-жақта тыныштық" деп аталатын режиссер Нанук Леопольдтің фильмі", делінген сейсенбіде киностудияның сайтында берілген хабарламада.

Жеңімпаздарға 3 мың швейцарлық франк көлемінде ақшалай сыйақы және Bildrausch фестивалінің рәміздері- киношеберлік сақиналар табыс етілді, делінген онда.
Bildrausch фестивалінің конкурсына тұтас алғанда 12 фильм қатысқан.