Үнді мұхитынан жоғалып кеткен малайзиялық лайнердің жүзден аса бөлшегі табылған сыңайлы

Бөлшектер австралиялық Перт қаласынан шамамен 2,5 мың шақырым жерден табылған.

Серіктер тапқан кейбір фрагменттердің ұзындығы 20 метрден асады, деді Х.Хусейн баспасөз мәслихатында.

Сәрсенбіде ұшақты іздеу қайта қолға алынды, іздеуге АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландияның 12 ұшағы мен екі кемесі қатыстырылды.

Алдында Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разак атап өткендей, жаңа талдауларға қарағанда, жоғалып кеткен "Боинг" Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде қираған. Малайзия билігінің пікірінше, жолаушылардың және экипаж мүшелерінің ешқайсысы аман қалмаған.

"Боинг-777" бортында 239 адам болған. Malaysia Airlines арадағы байланыс 8-наурыз күні үзілген, онда лайнер Оңтүстік-Қытай теңізінің үстімен ұшып бара жатқан.