Нақтысын айтқанда, "Тәуке хан, Қасымхан хан, Жалаңтөс Бахадүр жайлы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, айтылмаған дерек-құжаттардың көшірмелері қазақ жерінде бір кезде дипломатиялық байланыстардың жоғары деңгейде дамығанын дәлелдейді", - дейді Алматыдағы Шығыстану институтының қызметкері Ғалия Қамбарбекова.
"Мұнша аттың ішінен Тавакул хан дегенді кездестіріп қалдым. Тарихтың түп тамырына үңілу үшін жан-жақты зерттей бастадым. Нәтижесінде, Тавакул хан «қазақ» дегенді білдіретініне көзім жетті", - дейді ол.
Осы жайлы хабар таратқан "Алматы" телеарнасы аталған құжаттардың Үндістан, Иран елдерінің мұрағаттарында сақталғанын алға тартады. Енді зерттеушілер көне жазуларды арнайы маманның көмегіне жүгіне отырып аударуды көздеп отыр.