Үндістан кәсіпкерлері Қырғызстан Республикасында бірсыпыра инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

"Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев биылғы жылдың 5 ақпанында Делиде сауда-өндіріс палатасында Үндістанның іскертоптары қоғамымен кеңейтілген жиын өткізіп, онда Қырғызстан мен Үндістан арасындағы іскерлік қарым-қатынастардың тиімді салалары талқыланды ", -деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қырғызстан Республикасының министрі Үндісатанға үш күндік ресми сапармен барды.

Бүгін Э. Қарабаев сондай-ақ, Махатма Гандидің мемориалдық кешеніне ресми түрде гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.