Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүшелікке өтуге пейіл білдірді

“Үндістан бұл ұйымның іс-қызметіне толыққанды мүше болуға ниет білдіреді. Біз өзара ынтымақтастықты байыта түсер едік”,- деді Үндістанның энергетика министрі Мурли Деора Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитінде.

Оның айтуынша, Үндістан ұйым шеңберіндегі әріптестермен белсенді ынтымақтастық орнатудан мүдделі.

Пәкістан президенті Первез Мушарраф та өз елінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүшелікке өтуге пейіл екенін саммит барысында мәлімдеді.