Үндістан мен Пәкістанның үкімет басшылары алғаш рет кездесу өткізді


Екі жетекшінің кездесуі Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас ассамблеясының үзілісі кезінде өтіп, екі сағатқа созылды.

Екі елдің өкілдері өзара сапарға шақыру келісімдерін қабылдады, алайда олардың қай кезде болатыны жайлы ештеңе айтылмай отыр. Бұл - Пәкістан билігіне премьер-министр Наваз Шариф қайта оралғаннан кейінгі олардың бірінші тікелей келіссөзі.