Делегация жыл сайын өтетін "India International Trade Fair 2004" атты халықаралық көрме аясында ұйымдастырылған әйел-кәсіпкерлердің халықаралық конференциясы мен кездесуіне қатысты.
Форумда қазақстандық өкілдердің жетекшісі, сауда-өнеркәсіп палатасы одағының вице-президенті Татьяна Жданова сөз сөйлеп, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде әйелдер ролінің артып келе жатқанын атап өтті.
Сапар барысында қазақстандық өкілдер Үндістанның ресми және іскерлік өкілдерімен кездесіп, түрлі салалы кәсіпорындарды аралады.
"Өткен кездесулер екі елдің іскерлік салаларының екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыта түсуге деген қызығушылығы артқанын тағы бір дәлелдеп берді",- дейді ҚР СІМ.