Бұл туралы үнді ақпарат құралдары мәлімдеді.
Бұл 2008 жылы Мумбайдағы терактіден кейін екі ел арасындағы қатынастың күрт суығанынан бері Үндістан премьер-министрі Делиде пәкістандық лидерді ресми түрде алғаш қабылдауы.
Таяуда Н.Шариф Н.Модидің премьер-министр қызметіне кірісу салтанатына қатысты.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы салқын қатынас 1947 жылдан бері сақталып отыр. Қақтығыстың басты себебі Кашмир аймағының тиесілігі төңірегінде туындаған дауға байланысты.