«Мен екіжақты байланыстарды тереңдету және әртараптандыру жөнінде бірлескен мүмкіндікті таңдау үшін Сіздің ұлы еліңізге алдағы сапарымды асыға күтемін. Сіздің қолдауыңыз арқылы біз түрлі салаларда ынтымақтастығымызды бұдан да жоғары деңгейге көтеретінімізге сенімдімін», - делінген Үндістан премьер-министрінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған құттықтау жеделхатында.
Н.Моди жеделхатта Н.Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтаған.
«Сіздің қайта сайлануыңыз Қазақстан халқының Сізге сенімін айғақтайды. Сізге қарқынды дамушы және өркениетті ұлт құру жолындағы күш-жігеріңізге табыс тілеймін. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан ілгерілеу мен дамудың жаңа сатысына көтерілетініне сенімдімін», - делінген жеделхатта.