"Шанхай ынтымақтастығы ұйымы лаңкестікпен күрес және етене жақын экономикалық ынтымақтастық сынды екі салада маңызды бастамалар көтерді",- деді Н.Сингх. "Біз сонымен бірге Жібек жолы арқылы пәрменді сауда-саттықты қайтадан жаңғырту үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде адамдар арасындағы тығыз байланысты дамытуға қолдау көрсетуден мүдделіміз",- деді Үндістан СІМ.
Оның айтуынша, "Үндістан жалпы Орталық Азия аймағымен, соның ішінде Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты дамытуға айрықша басымдық береді".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-6-шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитінде Үндістанға ұйымның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру мәселесі қаралады.