Үндістандық бақылаушы, осы ел парламенті сенатының мүшесі Чандан Митраның айтуынша, "бақылаушылар ешқандай заң бұзушылық оқиғасын тауып көре алмады". "Сайлау процессі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ал дауыстарды санау процессі ашық әрі әділетті болды",- дейді Ч.Митра. Ол сондай-ақ, Үндістандық бақылаушылардың пікірінше, электронды дауыс беру жүйесін қолдану "қандайбір проблема тудырған жоқ". Ч.Митра "Қазақстанда электронды дауыс беру аясы кеңейе түседі және алдағы уақытта бүкіл сайлау электронды дауыс беру тәсілімен жүзеге асырылады" дегенге сенім білдірді.
Ал Тайланд бақылаушысы, бұрынғы сенатор Римуанг Чамлонгың пайымдауынша, "мәжіліс сайлауы ешбір кедір-бұдырсыз өтті". Тек сайлаушылар тізімін жасауға байланысты кейбір кемшіліктерден "ұсақ-түйек проблемалар туындағаны рас".
Ал Түркиялық бақылаушы Решат Догрудың атап көрсетуінше, "сайлау өте байыпты өтті". "Түркиялық бақылаушылар қандайбір олқылық көрген жоқ". "Қазақстанның электронды дауыс беру жүйесін пайдалана бастауының маңызы зор",- дейді Р.Догру. Ол сондай-ақ алдағы уақытта бұл жүйе жаппай әжетке жарайды дегенге сенім білдірді.