Үндістан тұрғыны жындарды қуу үшін ұлының жыныс мүшесін шауып тастаған

 Үндістан тұрғыны Рам Гопал Патель жындарды үйден қуу үшін 13 жастағы ұлының жыныс мүшесін балтамен шауып тастаған, деп хабарлайды Lenta.ru Daily Mail-ге сілтеме жасап. 

39 жастағы ер адамның айтуынша, соңғы кездері үнемі үйдегі заттар тарсылдап, терезе сықырлайтын болған, ал отбасы бақытсыздыққа ұшыраған. Осы жағдайдан кейін ол 19 жастағы дуагер Раджеш Ядавтан көмек сұраған. Ол Пательді "балаңды құрбандыққа шалсаң, жындар отбасыңа тыныштық береді" деп сендірген.   

Жасөспірім мектептен келген кезде, Патель мен Ядав баланың басынан ұрып, есінен тандырып тастайды. Содан кейін олар балтамен ғұрыпты жасауға кіріскен. Бала тілге келместен, өліп кеткен.    


Баланың анасы полиция шақырған. Патель мен дуагер адам өлтірді деген күдікпен тұтқындалды. Олар желтоқсанда өтетін сотқа дейін қамауда болады.   

Басылымның мәліметінше, 2015 жылы Үндістанда 135 адам дәуагерлердің тәжірибесінен қаза болған.