Қызының тісі ісіп кеткенін көрген анасы оны дереу ауруханаға алып барған.
Дәрігерлер қыздың ауыз қуысын рентгенге түсіріп, одонтома деген диагноз қояды. Анасы дәрігерден бұл ауру туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп беруін сұрағанда, дәрігерлер қыздың аузына 202 «артық» тіс өскендігін мәлімдеді. Сондай-ақ бұған өздері де таңданып отырғандарын жасырмады.
«Бұндай оқиғамен біз бірінші рет кездесіп отырмыз. Әрине, бірнеше артық тісі болған емделушілер болған, бірақ 7 жастағы қыздың аузында 202 тіс болу деген - таңғажайып оқиға. Енді біз ол тістерді біртіндеп жұлуымыз қажет», - деді дәрігер-хирург Аджой Ройчудхари.
Хирургтардың айтуынша, қыздың аузынан 202 тісті қатарынан жұлу оңайға түскен жоқ. Ота сәтті өтіп, қазір үндістандық қыздың жағдайы жақсы, деп жазады шетелдік БАҚ.