Үндістанда ауа температурасы 50 градусқа жетті

Соңғы мәліметтер бойынша, сәрсенбі Раджастхан штатының Пхалоди қаласында сынап бағанасы 50,5 градусқа жетті. Бұл Үндістандағы рекордтық көрсеткіштен 1 градусқа ғана төмен.

«1956 жылы осы штаттағы Алвар қаласында 50,6 градус ыстық тіркелді. Алайда, алдағы күндері Солтүстік, Батыс және Орталық Үндістанда температура жоғарылайды, сондықтан рекорд жаңартылуы мүмкін», - деді департамент директоры Брахма Пракаш Ядав.

Осыған байланысты Үндістанның апаттық жағдайлардың салдарын жою бойынша ұлттық басқармасы Харьяна, Раджастхан, Гуджарат, Мадхья-Прадеш штаттары мен Дели одақтық аумағында төтенше жағдай жариялады.

Нью-Делиде температура 47 градустан асты.


Жаңбырдың болмауы жағдайды ушықтырып отыр. 330 млн адам тұратын 256 округте ауыз су тапшылығынан зардап шегуде. Күрделі жағдай - оңтүстіктегі Одишье, Телангане және Андхра- Прадеше штаттарында орын алып отыр. 

Өткен жылы аптап ыстық салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Апатпен күресу үшін орталық үкімет ағымдағы жылдың сәуір айынан 240 млрд рупий ($3,6 млрд) бөлді.