Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Үндістан Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметінше, сәрсенбі күні таңертең елде коронавирусты жұқтырған тағы 11 мыңға жуық науқас тіркелді. Індетке шалдыққандардың жалпы саны 354 065 адамға жетті.
Министрлік қазіргі кезде ауруханаларда 155 227 адам жатқанын, бұл ретте 186 934 науқас жазылып шыққанын хабарлады.