Үндістанда пиротехника зауытындағы жарылыстан тоғыз адам қаза тапты

Тағы бес адам жарақаттанды. Оқиға Сангли округінде дүйсенбі күні кешке Eagle Fireworks зауытында орын алған.

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.

Үндістандағы тойларға, фестивальдерге, басқа да шараларға фейерверк бұйымдарын жеткізетін пиротехника зауыттарында кездейсоқ жарылыстар жиі болып тұрады.

2012 жылы оңтүстіктегі  Тамилнад штатында осыған ұқсас жағдай салдарынан 34 адам қаза тауып, тағы 30-ы зардап шекті.