Үндістанда пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

РИА Новости хабарлағандай, оқыс оқиға Анантапур қаласында орын алған. Жүк көлігінің жүргізушісі мен пойыздың алты жолаушысы ажал құшты. Олардың ішінде Карнатака штатының конгресс мүшесі болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі вагон рельстен шығып кеткені туралы хабарланды.