Үндістанда Қазақстан -Үндістан іскерлік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, 24-ақпанда Қазақстан -Үндістан іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық ахуалы мен оны дамыту жолдары талқыланды. Мәжіліске Үндістанның бірқатар ірі сауда-өнеркәсіптік және қаржылық компанияларының басшылары, Үндістандағы Қазақстан елшілігі мен Үндістандық БАҚ-тардың өкілдері қатысты. Мәжілісте ҚР сауда-өнеркәсіптік палаталары Одағының сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің директоры Т.Жданова "Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы " тақырыбында баяндама жасады.

Бұл кездесу екі елдің іскертоп өкілдерінің екі жақты экономикалық байланыстарды тереңдетуге деген қызығушылығын арта түскенін көрсетіп берді.
Сапар барысында еліміз өкілдерінің Үндістан өнеркәсіп конфедерациясы, "Үндістан-ТМД" сауда-өнеркәсіптік палатасы, Үндістан сауда-өнеркәсіптік палаталары қауымдастығы мен Үндістанның экспорттық ұйымдар федерациясы мүшелерімен кездесулері жоспарланған.