Үндістанда сиыр етін жегені үшін мұсылман әйелі мен сіңлісін зорлаған

«Олар мені мен отбасымды егер осы жайлы айтар болсақ өлтіреміз деп қорқытты», – дейді жәбірленуші. Оның айтуынша, зорлаушылар оның туысқан әпкесі мен ағасын өз үйінде аяусыз ұрған.

Күдіктілер адам өлтіру және зорлау ісіне қатысты ұсталды. Жәбірленуші тіпті жас мұсылман қыздарының да сиыр етін жемейтінін айтады.

BBC News мәліметінше, оқиға болардың алдында ел полицейлері  тағамдадағы қой етінің арасында сиыр етінің бар-жоқтығы тексерілетінін мәлімдеген. Бұл да аталған оқиғаға қатысты болып отыр.


Сиыр жануары – Үндістанда киелі саналады. Оны өлтіруге, етін жеуге тыйым салынады. Тек елдің Кералы мен Батыс Бенгалия штатында ғана тыйым  салынбаған.