Оқиға үнді астанасының жанындағы Үлкен Нойда қаласынан танымал Тәж-Махал кесенесі орналасқан Агра қаласына дейін апаратын алтыжолақты күре жолда орын алған. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Құқық қорғау органдарында жол-көлік апаты кезінде қалың тұман салдарынан жолда ештеңе көрінбегенін айтады. «Автомобиль бірінші жүк көлігіне соқтығысқан. Одан кейін оларға қалған көліктер соғылды. Оқиға орнына құтқарушылар мен жол қызметтері келіп жетті», - деп атап өтті полицияда.
Үндістан жол-көлік апаттарының саны бойынша әлемде бірінші орын алып отыр. Жыл сайын ел жолдарындағы апаттар 150 мыңға дейін адамның өмірін қиып әкетуде.