Үндістанда туристер мінген автобус шатқалға құлап, он шақты адам мерт болды

Британдық «Дейли телеграф» басылымының хабарлауынша, таулы жермен кетіп бара жатқан автобус шатқалға құлап кеткен. Оқиға сейсенбіге қараған түні Химачал-Прадеш штатындағы Сирмур округінде болыпты.

Полицейлер ауыр жарақат алғандар көп болғандықтан құрбандар санының артуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.


Әзірге автобуста болған туристердің қай елдің азаматы екендігі хабарланған жоқ.