Құтқару қызметінің мәліметінше, апат салдарынан кемінде үш адам қаза тапқан.
"63 жастағы қорғаныс штабының бастығы Кунур маңында ресейлік Ми-17В5 тікұшағымен апатқа ұшыраған. Аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды", - деп жазды Үндістан әуе күштері Twitter-де.
Тікұшақта қанша жолаушы болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда БАҚ хабарлауынша, бортта Раватты қосқанда 14 адам болған. Қорғаныс штабының жағдайы туралы ақпарат әлі жарияланбады. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.