Мәртебелі мейманды Ақорда барлық сән-салтанатымен күтіп алды. Оңтүстік Азиядағы 1 жарым миллиард халқы бар үнді мемлекеті Қазақстанның мұнайы мен газын қазіргіден де еселеп игеруге мүдделі. Қазбалы байлықтарға зәру Нарендра Моди бүгін Назарбаевпен Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізу жөнінде де келісімге келді. Кездесу соңында Елбасы үнді жұртын иога күнімен құттықтаса, Моди қазақ халқының қонақжайлылығына қайта-қайта алғыс айтумен болды.
Нарендра Моди, Үндістан Премьер-Министрі:
-Түнде ұшып келгеніммен көп мәлімет естідім. Қазақстандағы халық Үндістанның бір қаласындағы адам санына жетпейтініне қарамастан қарқынды дамып келеді. Мен сізді біздің мелмекетке шақырамын әрі сізді тағатсыздана күтетін боламын.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту сыртқы саясатымыздың Азия векторымыздағы басым бағытының бірі болып саналады. Былтыр өзара тауар айналымы 1,3 миллиард долларға жетті. 13 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайды. Ақпараттық технология мұнай газ, ауыл шаруашылығы атам энергиясы, фармацевтика саласындағы жұмыстан елеулі тәжірбие жинадық.
Loading...