Универсиада: Қазақстан қоржынына 9-шы «алтын» түсті

Қазақстандық жұп - Анна Шевченко мен Олжас Климин үздік нәтиже көрсетті (18:23.48). Француздар екінші болды (18:28.67). Ресей спортшылары қоланы қанағат тұтты (18:29.50). Тағы бір қазақстандық жұп Ольга Мандрика мен Сергей Малышев алтыншы болып мәре сызығын кесті (19:11.72). Еске сала кетсек, Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған да осы Шевченко болатын. Ол 5 шақырым қашықтыққа жекелей классикалық жүріспен жарысуда топ жарған. Айта кетейік, санаулы сәттер бұрын конькиші қыз Екатерина Айдова қола медаль жеңіп алған болатын.