УНИВЕРСИАДА: Қазақстан қоржынына алтыншы алтын түсті

Бұл туралы Спорт.кз хабарлады.

Жеңілатлетші қыздар арасындағы спринтерлік  эстафетада (4×100) жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмеді. Құрамында Виктория Зябкина, Светлана Иванчукова, Юлия Рахманова, Анастасия Тулапина бар біздің команда - бірінші, америкалықтар - екінші, таиландтықтар үшінші орын алды.

Айта кетейік, кеше сырықпен секіруден Никита Филлипов 5 метр 50 см биіктікті бағындырып, құрама қоржынына 5-алтынды салған болатын.