Универсиада жаттығуы кезінде украиналық спортшы құздан құлап мертікті

Бүгін украиналық сноубордшы Бигус Тарас Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарына дайындық кезінде ауыр жарақат алды. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталына қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшы биіктен төмен құлдилаған сәтте желке тұсымен сәтсіз құлаған. Аброй болғанда дер кезінде көмек көрсетілді. Құтқарушылар зардап шеккен спортшыны жедел түрде төменге жеткізген. Төтенше жағдайлар департаментінің тікұшағы жарақат алған украиналық спортшыны Алматы қалалық 7-ші клиникалық ауруханаға жекізді.

Қазір оның жағдайы бірқалыпты.