Универсиада-2017 нысандарын 2016 жылдың тамыз айына дейін салып аяқтау көзделіп отыр

"Биыл 12 мың орынға арналған Мұз сарайының, 3 мың орынға арналған мұз сахнасының және атлетикалық деревняның құрылысы басталады. Универсиада-2017 нысандарын 2016 жылдың тамыз айына дейін салып аяқтау көзделіп отыр", деді А.Есімов бейсенбіде республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Алматыны дамыту мәселелеріне арналған жиында сөйлеген кезінде.

Әкім еске салып өткендей, Алматы 2022 жылдың қысқы Олимпиадасын өткізуге өтініш берген.


"Еліміздегі тұрақтылық пен экономиканың дамуы арқасында біздің қаламыздың ол ойынды өткізуге реалды мүмкіндігі бар", деді ол.