«Олимпиада Ойындарындағыдай ҚР Үкіметінің Қауылысымен студенттерге сыйақы тағайындау қарастырылған. Ойынға қатысу кезінде барлық спортшылар студент болулары шарт. Бірінші орын үшін сыйақы көлемі 15 мың АҚШ долларын құрайды, күміс - 10 мың, қола - 5 мың доллар», - деп хабарлады Н.Нұров.
Айта кетейік, 2017 жылы Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Универсиада ойындары өтеді. Жарыс 12 спорт түрі бойынша өтеді және оған 50-ден астам мемлекеттен спортшылар қатысады деп күтілуде.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, спортшылар қатаң допингтік
тексеруден өтетін болады.