Универсиаданың ең нәтижелі ойыншылары анықталды

Ол 6 матчта 7 гол соғып, 7 нәтижелі шайба берді. 14 ұпаймен Рымарев турнирдің үздік шабуылшысы атанды. Одан кейінгі орында оның серіктесі, 6 матча 13 ұпай жинаған Александр Шин тұр, деп хабарлады хоккей клубының баспасөз қызметінен.

Құрамында жоғары нәтижелі ойыншылары бола тұра біздің студенттер құрамасы Канаданы ұта алмады. 2:6 есебімен ұтылған қазақстандықтар Бүкіләлемдік студенттер ойынының күміс жүлдесін алды.

Еске сала кетейік, Қазақстан хоккейінің тарихында біздің студенттер құрамасы бір-ақ рет Испанияда 1995 жылы жеңімпаз атанған болатын. Онда құрама Валерий Кириченконың жетекшілігімен қатысты. 1993 жылы Польшада біздің ел құрамасы күміс жүлдеге ие болды.


Сонымен бірге, қазақстандықтардың қоржынында бір қола (Турин қаласы, 2007 жыл) және екі төртінші орын (Харбин қаласы, 2009 жылы және Эрзурум қаласы, 2011 жылы) бар.