Жарыс дирекциясы хабарлағандай, 2016 жылдың 16-желтоқсанында Nazarbayev University «Алаудың тұтануы» атты арнайы шара өткізеді.
«Содан соң Универсиада алауы FISU (Халықаралық студенттер спорты федерациясы) Лозаннадағы штаб-пәтеріне жөнелтіледі. Кейін алау эстафетасы еліміздің батыс өңірлерінен бастау алып, барлық облыс орталықтары арқылы жүріп өтеді. Эстафета 2017 жылғы Универсида астанасы – Алматыда аяқталады», - деп хабарлайды дирекция өкілі.
Жалпы алғанда эстафета 45 күнге созылмақ.
Мамырдың 23-і мен 25-і аралығында Брюссельде FISU атқару комитетінің отырыс өтті. Онда алматылық делегация қол жеткен жетістіктер мен спорт нысандарын салу жұмыстарының барысы жайында баяндама жасады.
Атап айтсақ, баяндамада шайбалы хоккей жарыстары өтетін 3 мың орындық мұз аренасы, мәнерлеп сырғанау жарыстары, ойынның ашылу және жабылу салтанаты өтетін 12 мың орындық мұз сарайы, аккредитация орталығы, емхана, 1 мың орындық асхана, мейрамханалар мен банк бөлімшелері орналасатын 5 мың орындық атлетика ауылы туралы баяндалған.
Универсида аақталғаннан кейін атлетика ауылындағы нысандар студенттер капмусына айналмақ.