Caravan Logo

ҰОК бас хатшысы қысқы Олимпиада ойындарынан медаль алып келуге уәде берді

ҰОК бас хатшысы қысқы Олимпиада ойындарынан медаль алып келуге уәде берді

"Санаулы күндер қалды. Олимпиада ойындарының ашылуын тағатсыздана күтеміз. Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз. Елге медальмен оралады деп үміттенемін", - деді Үкімет басшысы.

Ал, Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин болса Премьер-министр мен халықтың үмітін ақтап, қоржынға жоқ дегенде бір медаль салуға уәде берді.

Еске салайық, Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.