Уолт Дисней мультфильмдері мен көркем фильмдері қалың көрерменге қазақ тілінде жол тартады

Осыған байланысты «Қазақстан» РТРК АҚ мен «The Walt Disney Company Limited» компаниясы өзара келісімшартқа қол қойды.

Көрермендер классикаға айналған Микки Маус туралы хикаяларды, соңғы кезде шыққан мультипликациялық фильмдерді, «Көліктер-2» телетоптамасын, «Немоны іздеушілер», «Финес пен Ферб», сондай-ақ әлемге танымал «Король Артур», «Ғажайып Нарния», «Құдіретті Брюс» секілді ең таңдаулы фильмдер мен мультфильмдерді тамашалай алады. Айта кету керек, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы республикалық телерадиокорпорация тарихында мультфильм және кино шығаруда әлемде жетекші орын алатын компаниямен тұңғыш рет келісім-шартқа отыруға қол жеткізді. Алдағы уақытта «Қазақстан» РТРК көрермендері «The Walt Disneyдің» ең үздік картиналарын, классикалық анимациялық фильмдері мен заманауи мулть-топтамаларын мемлекеттік тілде көре алады.